Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үйді сатқан: Жігер Ауыпбаев қатты ауырған кездері туралы айтты

Жігер Ауыпбаев қатты ауырған кездері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Өнер мен өмір" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Белгілі өнер иесі басынан өткен қиын кездері туралы айтты. Әншіні ауыр дерттен әке-шешесі құтқарып қалған көрінеді. Қиын шақта еміне көп ақша қажет болғанда, Жігер Ауыпбаевтың ата-анасы үлкен үйін сатып, далада қалған. Бірақ, ұлдарының орталарына аман-сау оралуына септігін тигізген көрінеді.

"Анам да, әкем де жұмыстан қысқарды. Тіпті қорадағы мал қырылып қала беретін. Сол кезде мен қатты ауырып, ауруханаға түскенмін. Дәрігерлер маған біраз ақша керек деген. Сөйтіп анам мен әкем екеуі келіскен де, үйді сатқан. Үйді сатып, дәрі-дәрмекке, отаға жұмсалатын ақшаны әкеліп берген. Төрт, бес айдай ауруханада жаттым", - дейді Жігер Ауыпбаев.

Ауруханадан шыққан әнші бұл жайлы хабардар болмапты. Үйсіз, күйсіз қалған өнер иесі біраз уақыт бойы әжесінің үйін паналаған. Қанша қиындық көрсе де сынбаған Жігер Ауыпбаев киім-кешекпен ғана көшеде қалған кездері болған.

"Ауруханадан шықсам, үйіміздегі заттарымыздың бәрін әжеміздің есігінің алдына апарып қойған. Әжеміздің үйінде біраз уақыт тұрдық. Бірақ, есіктің алдында тұрған жихаздың өзі шіріп кетті. Құжат пен киім-кешекпен қалған кезіміз болды. Әке-шешем Алматы қаласына келді. Бір айдай осы жерде жұмыс жасады", - деп жазды ол.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр