Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйдегілер сезбеген": Астаналық көпбалалы отбасының пәтері жанып кетті

Наурыз айының 11-і күні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үйлерінің бірінде өрт шығып, көпбалалы отбасы далада қалды. Stan.kz тілшісі ауыр жағдайға түсіп қалған отбасының мұңын тыңдап көрді. 

astana

"Өрт неден шыққаны әлі белгісіз. Күндізгі үш-төрттің кезінде балконнан түтін шыға бастаған. Оны біздің үйдегілер сезбеген. Ол кезде үйде балдызым екі баласымен және біздің 7 баламыз болған. Әйелім жұмыстың қамымен сыртта жүрген. Өрттің шығып жанып жатқанын бірінші болып сыртта жүрген адамдар көріп, жедел жәрдем шақырған. Үйдегілерге көршілер келіп айтқанда ғана білген. Қатты дүрсілдеген дыбысқа қорқып жүгіріп барып есікті ашқанда сырттағы жалын лап беріп үйге қап-қара түтін болып кірген. Үйдегілер қорыққандарынан жалаң аяқ-жалаң бас далаға жүгірген", - деген Мамыр Әбдіқадірұлы қазіргі таңда тәулікке жалға берілетін үйлерді паналап жүргендерін айтады. 

"Өзім колледжде әскери дайындықтан сабақ беремін. Одан бөлек тағы да жұмыс жасауға тура келеді. Ал әйелім 7 баланы анасы, алтын алқа иегері. Балаларымыздың алды 15-те, ең кішіміз - 3 жаста. Заң бойынша АӘК алу үшін кіші балаң 3-ке толса, анасы жұмысқа шығуы керек. Олай болмаған жағдайда жәрдемақы ала алмайсың. Әйелім сол жұмыстың қамымен сыртта жүрген. Үйде біздің балаларымыздан бөлек балдызымның екі баласы болған", - дейді отағасы. 

Күн көзі жылынбай жатып, шиеттей бала шағамен далада қалған отбасыға журналист Дәулет Төлеутайұлы өзінің инста-парақшасында елден қол ұшын созуды өтініп, пост жазды. 

Көмектесемін деген азаматтарға реквизит: 

ИИН: 680502301780

Телефон: 87025837468

Карта нөмері: 5169 4931 4231 4201 5596

Мамыр Әбдіқадірұлы Қ.

 

Дайындаған: Жанна Мәлік

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған

"Жұмыс жабылды": Ақшаға мұқтаж қазақстандықтар 42500 теңге үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұрды

Олардың ішінде жаға жыртысып, төбелескендер де бар
Çàãðóçêà...