Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйде сырт киіммен жүреміз": Ақтөбеліктер жылыту мәселесін ретке келтіруді сұрайды

Ақтөбеде жеке сектор тұрғындары мен саяжайдағылар үйлерінің суық екеніне шағымданды. Айтуларынша, батареялар дұрыс қызбайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

газТүсірілімнен скриншот

Ақтөбеде түнде температура -27 градусқа дейін төмендейді. Тұрғындардың айтуынша, үй адам төзгісіз суық. Олар үйде қалың киіммен жүруге мәжбүр. Батареялар қызбайды. Барлығында газбен жылыту орнатылған.

"Үйде сырт киіммен жүреміз, қалың көрпе оранып жүреміз. Газ беру өте әлсіз, сондықтан батареялар мүлдем қызбайды", – дейді тұрғын Кәрім Тілеуов.

Ақтөбеліктердің пікірінше, газ сапасыз. Кейбірі оның себебін қысымның төмендігінен көреді. Бірақ барлығы бір дауыста 30 градус аяз келгенше жылытуды тез арада реттеуді сұрайды.

Газ қызметкерлері жағдайды растап, шағымдар көп екенін айтты. Күніне 40-қа дейін қоңырау түседі. Олардың мәлімдеуінше саяжай массивтерінде газ құбырын жеке компаниялар орнатады және олар өрескел бұзушылықтарға жол берген. 

"Кейде, иә, қысымның төмендеуі болады. Адамдар шағымданады, жазады, 104-ке қоңырау шалады. Біз проблемалық аймаққа барып, жағдайды реттейміз. Қазір бау-бақша ұжымының иесімен бірлесе отырып, ГМЗ ауданындағы ақауды жоямыз", – деп сендірді"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ АФ директорының міндетін атқарушы Серік Қыдыров.

Талқылау