Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барды (видео)

Ресей әншісі күлкі қылған қонақ үйдегі жағдайға ақтөбелік шенеуніктер бас қатырып отыр. Айтылған сынды ауыр қабылдағаны сонша, аймақ басшысы орынбасарының өзі сол мейманхананы көруге барды. Ал ресейлік өнерпаз оны әлеуметтік желіде сынаған еді, деп хабарлайды КТК арнасы.

иванушки 00917

«Тоңазытқыш қосылмайды. Бөлмеде бір ғана тоқ көзі бар. Дизайнның бір ғана атап өтетін мақтанышы – жерде жатқан фен», – деген болатын ресейлік әнші желіде жариялаған видеосында.

Ақтөбеге гастрольдеп келген “Иванушки International” тобындағы Андрей Григорьев-Аполлоновқа қонақ үйдегі жағдай ұнамай қалыпты. Істен шыққан теледидардан бастап, бөлмедегі барлық техниканың ақауын бейнетаспаға тәтпіштеп түсірген. Артынша әншінің әлеуметтік желіге роликті жариялағаны сол екен, жұрт мейманхананың дымын қалдырмаған. Бұл сын облыс әкімдігіндегі шенеуніктерге ұнамай қалыпты. Себебі, сырттан келген қонақтарын дәл осы жерге түсіреді. Тіпті, ресей әншісінің алдында сол бөлмеге Павлодар қаласы әкімінің орынбасары жатып кетіпті. Бірақ ол бірауыз сын айтпаған. Әйтсе де қонақ үй қожайыны шенеуніктердей емес, ресейлік әншінің мініне еш бас қатырып отырған жоқ. Ол еліміздің өнерпаздары үнемі алғыс айтады ғой деп отыр.

«Ол бізге алғаш келген танымал мейманымыз емес. Бұған дейін Бүркіт болды. Қыдырәлі Болманов пен Қарақат келді. Енді қонақ үйді жаңадан жабдықтап жатқан кезде осындай жағымсыз жағдайлар болады», – дейді қонақ үй иесі Қалауша Садықова.

Жіберіп алмаңыз:

Жанжал: Депутаттар білім грантын әділ бөлмеген шенеуніктерді жазалауды талап етті

Жазушы: Мектептің талабына күле-күле, күйіне-күіне жынданып кетпесек болды

Оралда өртенген үйден өлі табылған үш адамды жас жігіт өлтірген болып шықты

Серік Ахметовтің не себепті бостандыққа шығатыны белгілі болды

Талқылау