Үй жинау кезінде екі жуғыш затты араластырған қыз комаға түсіп, 4 күннен кейін қайтыс болды
34 жастағы Ұлыбританияның Фелтем қаласының тұрғыны Селия Сеймур, өзінің досы Пит Сефериді үйіне қонаққа шақырған. Ер адам бес минуттан кейін келетінін айтқан, осы уақытты қолданып, британдық әйел жуынатын бөлмені аздап тазалап алғысы келген. Пит үйге кірген кезде, ол біртүрлі қатты иісті сезді, сондықтан олар сыртта сөйлесуді жөн санаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кенеттен Селияда демікпе басталды, ол Питке жедел жәрдем шақыруын сұрады. Жедел-жәрдемді күтіп тұрып, Пит қызға жасанды тыныс алу жасауға тырысты, деп жазады Daily Mail. Көп ұзамай оны ауруханаға жеткізіп, жасанды комаға жатқызды, бірақ төрт күннен кейін қыз қайтыс болды.
Селияның анасы қызының ағартқышқа, дәретхана тазалағышын қосқанын айтты. Заттар реакцияға түсіп, нәтижесінде қызда астма тудыратын газ пайда болды. Қайғыдан қан жұтқан ана басқаларға тазалағыш заттарды араластырмауға және оны қолданғанда өте сақ болуға шақырды. Көлік жуу иесі қыз қайтыс болғаннан кейін компанияны оның құрметіне өзгертті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”