Үй жағдайында босанбақ болған танымал блогер сәбиінен айырылып қалды

Үй жағдайында босанбақ болған танымал блогер сәбиінен айырылып қалды. Желіде миллионнан астам оқырманы бар ресейлік блогер Айша Чигга үйінде үрлемелі бассейнде босанбақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға туралы алдымен БАҚ хабарлап, кейін Айша Чигганың өзі де болған жағдайды растады.
Оқиға Мәскеу қаласында болған. Дәрігерлер жаңа туған сәбиді құтқарып қала алмады.
27 жастағы Айша Чигга ауруханаға жеткізілген. Көп ұзамай ол өзінің Telegram-арнасында болған жағдай туралы жазба жариялады.
“Үй жағдайындағы босану кезінде қайғылы оқиға болды, жаңа туған баламнан айырылып қалдым. Мен ауруханаға жатқызылдым, қазір жан төзгісіз ауыр жағдайдамын, түн өте ауыр өтті”, – деп жазды блогер.
Сондай-ақ ол қазір өзіне психологиялық көмек қажет екенін атап өтті.
Чигганың айтуынша, қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналыс жатыр.
“Алда жерлеу рәсімі, көптеген тексерулер, кеңестер мен тергеу жұмыстары тұр”, – деп жазды ол.
Айша Чигга (шын есімі – Айша Чагаева) TikTok желісінде танымал, желіде оған шамамен 1,4 миллион адам жазылған. Ол – хореограф, биші, модель, актриса. Чигга жүктілігіне қатысты жаңалықтарын парақшасында белсенді түрде бөлісіп отырған. Мәліметтерге сәйкес, блогер мен күйеуі баланың акушерлердің қатысуынсыз, үй жағдайында дүниеге келетінін алдын ала шешіп қойған көрінеді.
"О дүниеге барып, әкеммен кездестім": Әйел босану кезінде болған тылсым жайт туралы айтты
19 жастағы ару әкелері әртүрлі егіз босанды
Заңгерлердің айтуынша, Чигга мен оның жұбайының қандай жауапкершілікке тартылатыны баланың өлім себебі анықталғаннан кейін ғана белгілі болады.
Ресейдің тергеу комитеті 17 желтоқсанда блогерді босандырған акушер әйелдің ұсталғанын хабарлады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 60 жастағы әйелдің жоғары медициналық білімі де, акушерлік және гинекология саласында біліктілігі де болмаған. Соған қарамастан, ол босандыру дағдыларын меңгергенін айтып, мәскеулік әйелдің босануына акушер ретінде қатысуға келісім берген. 13 желтоқсан күні кешке ол блогердің пәтеріне барып, 14 желтоқсан күні үй жағдайында босандырған.
Арада біраз уақыт өткен соң нәрестенің жағдайы күрт нашарлаған. Білікті медициналық көмек көрсетілсе де баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Тергеу комитеті заңсыз медициналық қызметпен айналысу және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Акушер әйел ұсталды. Қажетті сараптамалар, оның ішінде сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады