Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үй иесі бір аяғынан айырылды": Алматы облысында ер адам сөз салған сүйіктісі қарамаған үшін атыс жасады

Алматы облысында полиция жеке үйде атыс бастаған жігітті іздейді. Жас жігіт сөз салған сүйіктісі қарамай қойған соң мылтық атып, үй иесін жаралады. Ол қызды «беруін» талап етіп, бәрін қорқыта бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Әсел Қайырбаева дәл сол жерде әкесі жараланғанын айтады. Ол қарулы адам алдымен қақпаны атып, құлыпты бұзып, содан кейін үйге кіргенін айтады. Егде жастағы үйдің отағасы жүгіріп шығып, бірден аяғын жарақаттады. Әрі қарайғы оқиғалар қорқынышты фильмдегідей өрбіді.

«Біз 12 рет оқ атқанын санадық. Менің әкем сыртқа шықты, сол кезде кіріп келіп оқ атты. Ол мылтықты тамағыма тағап: «Ол қайда?» деп сұрады. Мен қорқып, қашып кеттім. Әкем «аяғым, аяғым» деп айқайлады. Үйде ол тағы екі рет оқ атты. Газ қазандығына оқ тиді. Егер ол жарылып кетсе ше?!», - деді Әсел Қайырбаева.

Атыс кезінде үйде балалар болған. Атысқан адамнан қашу үшін үй иелері терезеден секіріп, қашып кетті. Жаралы иесі кейін ауруханаға жатқызылды. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ер адамның сол аяғы жартысынан  кесілген.

«Науқас өте ауыр жағдайда түсті. Қабылдау кезінде науқасқа сол жақ төменгі аяғынан оқ атылған деген диагноз қойылды. Операция жасалды - төменгі аяғының жоғарғы үштен бірін кесті. Жағдайы ауыр, қазір жансақтау бөлімінде», - деді Қарасай ауданының орталық аймақтық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Алтай Достияров.

Кейін белгілі болғандай, қарулы адам өзінің бұрынғы сүйіктісін іздеген екен. Сол күні кешке Мақпал туыстарына қонаққа барды. Қазір полиция қайғылы оқиғаның неден болғанын анықтап жатыр. Олар күдіктіні үшінші күннен бері іздеуде.

«Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 24-бап, 99-баптың 1-бөлігі - «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркелген», -деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Істің себептері мен мән-жайлары анықталуда. Жәбірленушілер оқ атқан адам жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Олардың айтуынша, қарулы шабуылшы - бұл абыройлы азаматтың ұлы. 

Полиция қылмыскерді табуға және жазалауға уәде береді. Күдіктіні 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Талқылау