AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үй алу квестке айналды": Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындар "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша үйлерін ала алмай отыр

"Шаңырақ" бағдарламасына үміткерлер елордада бас көтерді. Жиналғандар "Отбасы банктің" басшылығынан өздеріне тиесілі баспананы беруді талап етіп, орталық кеңседе айғай-шу шығарды. Барлығы құжаттарын жинап, алғашқы жарналарын төлеп, банк мақұлдауын алғанда, мемлекеттен бағдарламаға деп бөлінетін қаржы тоқтап қалған. Бір қызығы, баспаналар дайын, жөндеуді қажет етпейді. Кей пәтерлер ақшасы төленбесе де, үміткерлердің атына рәсімделіп қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

отбасы банк

"Шаңырақ" бағдарламасы – "Нұрлы жердің" жаңа бағыты. Елімізде 2020 жылдың тамызынан бері жұмыс істеп келеді. Бағдарлама баспанаға мұқтаж, әкімдіктің тұрғын үй кезегінде тұрғандар өтініш бере алады. Шарттары өте жеңіл. 10 пайыз алғашқы жарна беріп, 5 пайызбен 15 жылға дейін баспанаға қол жеткізуге болады. Бүгінгі күнге шейін 4557 адам қоныс тойын тойлапты. Бастапқыда шарапатын көрсетіп келген бағдарламаның биыл атына қара дақ жағылды. "Үй аламын" деп қуанғандардың қуанышы су сепкендей басылды, ал "Отбасы банк" жағдайды түсінбей әлек.

"Шаңырақтан" бағдарламасы бойынша үйлі боламыз дегендер банктің орталық филиалына баса көктеп кірген. Ашулы 30 адамды көрген қаржы ұйымының басшысы оларды дөңгелек үстел басына шақырып, арыздарын тыңдады. Барлығы бағдарлама бойынша тиісті бүкіл құжатты жинап, тіпті, пәтерлеріне бағалау жасатып, қағаздарын "Отбасы банкке" тапсырып қойған. Төлем қабілеттігін растап, бастапқы жарна 10 пайызын құйғандар да бар. Үш күнде қағаздарын жинаған Гүлнар енді үш аптадан бері үйінің кілтін ала алмай жүр.

“Шынын айтсам, бұл тура бір квест болды. Үш күннің ішінде барлық сұралған құжатты жүгіріп жүріп, дайындадық. Тапсырдық. Содан бері үш апта өтті. Бізге айдың соңына дейін күтіңдер деді, күттік. Кейін түсініксіз талқылаулар басталып кетті. Үйімізді қашан алатынымыз белгісіз, нақты уақытын айтпай отыр”, – деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гүлнар Бейсембина. 

"Толық емес отбасы" санатымен баспанаға үміткер Салтанат мектепке баратын балаларына алаңдаулы. Егер жаңа үйге 1 тамызға дейін көшпесе, онда балаларының құжаттарын жаңа мектепке тапсыра алмай қалады. Бір жағынан, білім ордалары қазірдің өзінде толы.

“Қазір мектепке қабылдау 1 тамызға дейін. Сәуір айынан басталған. Үш балам бар. Мектепке орналастырайын десем, орын тола, мына мектепке жайғастырайын десем, орын тола. Өзім жалдамалы пәтерде тұрамын, ол жерге айтып қойдым, бөркімізді аспанға лақтырып. Әне отырмыз сол үйге кіре алмай. Сөздің қысқасы, қалтамызда нанымыз бар, бірақ жей алмай отырмыз”, – дейді Салтанат Әлімбекова. 

Нұр-Сұлтан қаласында негізінен 200 адам дайын пәтерлеріне кіруді армандап жүр. Араларында мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, дәрігер, мұғалім, мемлекеттік қызметкерлер бар. Бәрі де қандай шаршы метрдегі үй алатындарын біледі. Тек несиені рәсімдеп, баспана кілтін алу ғана қалған. Ол үшін 4 миллиард теңге үкіметтен бөлінуі тиіс. Филиал директорының пікірінше, қаржылық қиындықтар маңдайларына жазылған болуы мүмкін.

Маңдайымызға жазған шығар. Осындай жағдайға келдік. Қазір ақшадан шамалы үзіліс болып тұр. Бірақ тоқтап қалды. Ешкім алмайды деген әңгіме жоқ. Барлық өткен адамдар алады. Үйлеріңізге кіресіздер. Соңғы екі апта, бір айдың ішінде мәселе бар. Өтінімдердің барлығы қабылданды. Қайтарылған ақша есебінен біз беріп жатырмыз, кезеңкезеңімен шақырып. Тізім қалыптасты. Сол тізімге сәйкес, 22-27 шілде күндері 47 адам үйлерін алады. Ешкім тоқтап қалмайды”, – деді "Отбасы банк" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай.

Баспанаға үміткерлер бастапқы жарнаға әкімдік берген 1 жарым миллион теңге сомасындағы тұрғын үй сертификатының мерзімі өтіп кете ме деп уайымдайды. Өйткені ол 15 жұмыс күніне ғана жарамды. Банк пен әкімдіктегі басшылар уайымға салынғандарды сабырға шақырып, сертификатты қайтадан алуға болатынын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр