Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев концертте көзге түсті

Мұқасан Шахзадаев бостандықта жүрФото: https://www.instagram.com/dossymzhan_tanatarov

“Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әншісін соққыға жыққаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған әнші Мұқасан Шахзадаев алматылық концерттердің бірінде бой көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9 желтоқсанда Алматыда ақын Олжас Отардың “Ауырмайды жүрек” атты шығармашылық кеші өтті. Әдебиет пен музыканы біріктірген бұл шараға қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары жиналды.

Сахна төрінде Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Қайрат Нұртас, Қанат пен Света, Тоқтар мен Бейбіт, Ернар Айдар, Әлішер Кәрімов және Абай Бегей өнер көрсетті. Кеш барысында Мұқасан Шахзадаевтың да көрермен алдына шыққаны байқалды.

Мәселен Олжас Отар Instagram-парақшасында Мұқасан Шахзадаевтың сахнада ән орындаған сәтінен бейнежазба жариялаған.

Ал Досымжан Таңатаров өз сторисінде Мұқасанмен түскен суретін бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды.

Мұқасан Шахзадаев концертте жүр

Оқиғаның мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаев “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталғаны хабарланған еді.

Кейінірек “Нұр-Мұқасан” тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Араға екі күн салып Мұқасан Шахзадаев әріптесін соққыға жыққаны үшін ұсталғаны хабарланды.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 23:25