Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұстаз: Қадірі жоқ әншілер билетін зорлап өткізеді

Қазақстандық ұстаз кей әншінің мектепке келіп концертінің билеттерін күштеп өткізетінін айтып қалды. Мұндайды әнші Маржан Арапбаева да естіген екен.

singing-club

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

“Айлықтан ұстап қалады дегенді естіп жатамын. Біздің мектепке келіп кетті, концерт болайын деп жатыр екен ғой. Маржан апай деп маған да хабарласты. Менің таныстарым. Мен білмедім, бірақ мен сол концертке қатысамын деп айтамын”, – дейді Маржан Арапбаева.

«Қадірі жоқ әншілер билетін зорлап өткізеді. Қадірі бар әншілер  билетін зорға жеткізеді» деген орта мектеп мұғалімі Айман Сағидуллаева бірнеше жыл қатарынан  шоу-бизнес өкілдерінің концертіне мәжбүрлі түрде барғанын айтқан болатын. “Қинап сату біршама тоқтады деп ойлаймын. Дегенмен, қарасай аудланындла  қазір екі жыл көлемсінде,  билет сатуды мен көрген жоқпын”, – дейді ұстаз Айман Сағидуллаева.

Дегенмен, әншілерді сазға отырғызып, өтірік айтып, алдап кететін алаяқтарда жоқ емес екен.

“Осыдан 1-2 жыл бұрын есімде бір үлкен кісі Түркістан қаласында Шымкент өңірінде концерт ұйымдастырайық деп қолға алды келісімді бердім. Афишалардың барлығы іліне бастады.Аз-ақ уақыт қалған кезде хабарласып маған болмайтынын айтты.  Енді қалай болады елді алдағандай, осындай күні болады деп ол ойыншық емес қой! Мен ашуланған кезім болды. Инстаграм, интернет арқылы кешірім сұрап, түсіндіргендей болдым”, – дейді Маржан Арапбаева.

Жақында дәл сондай оқиғаға Қайрат Нұртас та тап болған. Қапшағай қаласында атақты әншінің кеші өтеді деп, Қайраттың суретін афишаға іліп, тіпті билеттерінде  сатқан. Алаяқтар әншінің өзінен де, анасынан да еш рұқсат сұрамапты. Жұлдыздардың өзге де жаңалықтарын келесі бағдарламадан тамашалай аласыздар.


Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова концертінің билеттерін 20 мыңға сатып жүргендерді көріп шошыған

Сазгерлер қажетсіз авторлық қоғамдарды жабуды талап етті

Алпамыс Шәрімов: Димаштың емін-еркін жүруі қиындап кетті

Санжар Мәдиев Пугачеваның немересінің тойына қатысты (фото, видео)

Талқылау