Үсік жүреді: Елімізде қайтадан күн суытады
"Қазгидромет" синоптиктері 29 сәуір - 1 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді.
Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
"Сондай-ақ, Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады", - деді синоптиктер.
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады
Қазақстанда жастарға арналған тұрғын үй: Баспанаға қалай қол жеткізуге болады
Талқылау