Ұшу жолағына шығып кеткен қабылан әуежайдағы адамдарды шошытты
Трибхуван атындағы Катманду халықаралық әуежайы қабыланның кесірінен жұмыстарын уақытша тоқтатты. Жыртқыш ұшу жолағына шығып кеткен.
Бұл туралы Associated Press хабарлайды.
Жыртқышты байқап қалған әуежай қызметкерлері дереу полиция мен орманшыларды шақырады. Олар қабыланды іздеумен айналысқан.
Шамамен жарты сағат өткен соң әуежай жұмысын жалғастырады. Оқиға халықаралық және ішкі рейстерге де әсерін тигізді. Жануарды іздеу әлі жалғасып жатыр.
Трибхуван атындағы әуежай Непал астанасы Катмандудың аумағында орналасқан. Оның солтүстік тарабында қалың орман бар.
Оқи отырыңыз:
Күйеуі тастап кеткен кейуана 1400 жетімді бауырына басқан
2017 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал
Талқылау