"Үшіншісін жоспарлап отырмыз": Мақпал Исабекова көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмады
Отандық әнші Мақпал Исабекова көпбалалы ана болғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жақында қызын дүниеге әкелген еді. Ол Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты. Желі қолданушыларының бірі шоу-бизнес жұлдызының отбасылық өмірі туралы сөз қозғап, күйеуімен ажырасып кеткенін сұрады.
"Жоқ, үшіншісін туайық деп жатырмыз", – деп жауап берді әнші.
Сонымен қатар ерте тұрмыс құруға қатысты да ойын бөлісіп, қыздарға кеңес берді.
“Қыздар, мойымаңыздар. Бәрін де үлгересіздер. Тұрмысқа да шығасыңдар, баланы да туасыңдар, шаршайсыңдар. Өмірден рахат алып, дамып, саяхаттаңыздар. Бәрі өз уақытымен", – деп жазды ол.
Еске салайық, Мақпал Исабекованың босанғаннан кейін денсаулығы сыр беріп, қатты толып кеткенін айтқан еді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"