Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үшінші рет жалын шарпыды": АҚШ-та ірі химиялық зауыт өртенді (видео)

Американың Коньерс қаласында химиялық зауыт өртке оранып, қала тұрғындары эвакуацияланып, жақын маңдағы жолдар жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Рокдейл округінің өрт сөндіру бөлімінің мәліметінше, BioLab зауытының ішіндегі ақаулы тыңайтқыштағы жалын 29 қыркүйек күні таңғы сағат 5-те сөнген. Су сутекті реактивті химиялық затпен әрекеттесіп, үлкен түтін бұлтының пайда болуына әкелген.

29 қыркүйекте түстен кейін Атлантадан тыс жерде орналасқан қаланың тұрғындарын эвакуациялау туралы бұйрық шығарылды. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, бұлттың пайда болуына қандай химикаттар әсер еткені белгісіз.

Бастапқыда зауыттың төбесінде шағын өрт шығып, тез сөндірілген. Алайда өрт қайта тұтанған. 

"Өрт өте қарқынды. Оны ауыздықтауға тырысамыз", – деді округ шерифі Эрик Дж.Леветт.

Төтенше жағдайлар қызметі химиялық заттарды судан бөлу үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Қала билігі Хелен дауылының салдарын жоюға байланысты қызмет көрсету ресурстары шектеулі екенін айтты.

Басылымның мәліметінше, зауытта төтенше жағдай осымен үшінші рет болып отыр. 

2020 жылдың қыркүйегінде мекемеде қауіпті химиялық заттар шыққан. Компания жұмысшылары мен тоғыз өрт сөндіруші түтін арасында қалып қойып, жақын маңдағы тас жолдар уақытша жабылған. Одан кейін көршілес мекемелер көшіріліп, шығын миллион доллардан асқан. 

Еске сала кетейік, Америка Құрама Штаттарын шарпыған Хелен дауылы құрбандарының саны артып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, бес штатта 89 адам қайтыс болған. Дауыл салдарынан қаза тапқандар Оңтүстік Каролина, Джорджия, Флорида, Солтүстік Каролина және Вирджиния штаттарында тіркелген.

Талқылау