Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш жасымнан бастап жақсы көрдім": Әнші Сәкен Майғазиев өзін көріп, жылап жіберген жанкүйерін жұбатты

Танымал әнші Сакен Майғазиев сахна сыртына фотоға түсуге келген жанкүйерін жұбатты. Әншінің айтуынша, жанкүйері сүйікті әншісін көріп, қуанғанынан жылап жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі парақшасына видео жүктеп, “кім мені қанша жастан бастап, жақсы көреді немесе жек көреді?” деген сауал жолдады. 

“Осындай жанкүйер кімде бар? Алтыным сол, бақыттың баянды болсын”, – деп жылы лебізін білдірді әнші.

Бейтаныс бойжеткен де әншіні неше жасынан бастап тыңдайтынын айтты.

“Үш жасымнан бері жақсы көремін. Қазір жасым 30-да болса да әлі күнге дейін жақсы көремін. “Қос шынардың” концертінен көретінбіз. Қатты толқып тұрмын”, – деп көз жасына ерік берді. 

Әншінің оқырмандары “Музартпен” бірге өстік” деген пікірді жаудырып жатыр. “Мектепте фотоңыз бен клиптеріңізді көріп, жылап отыратынмын. Дәптерге әндеріңізді көшіріп, фотоңызды жапсырып қоятынмын. Көкшетау қаласындағы мәдениет үйінің алдындағы үлкен баннерді ұрлап кеткен мен боламын” деп жазды бір оқырманы. Енді бір жанкүйері әншіге жылы лебізін өлеңмен жеткізді. 

“Айтшы әндерін Сәкеннің асқақтаған,
Қазаққа мақтаныш ол саған, маған.
Сәкендей сері жігіт замандасым,
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
Өнердің шоқтығында жүрген Сәкен,
Елменен араласқан болмай бөтен.
Тұсауын кесіп қанша сәбилердің,
Алғысына халқымның ол бөленген.
Ұлағатты ұстаз деп айта аламын,
Талантты жастың қолдап бар талабын.
Ұшырдың қанат байлап талай жасты,
Сахнада нықтап басқан құт қадамын.
Қашаннан білуші едік біз Сәкенді,
Әнімен тебіренткен бар әлемді.
Жас балалар ес білгелі тани білсе,
Исі қазақ- елдің ұлы деп біледі”, – деп жырлады ақын жігіт. 
 

Талқылау