Үш сағат бойы аязда қалған: Өскеменде әйел құдыққа құлап кеткен
Өскемен қаласының тұрғыны 12 желтоқсанда кешке қарай көшедегі құдыққа түсіп кеткен. Бұл уақытта көшеден аса көп адам өтпеген, ал далада күші аяз болған. Дегенмен әйелдің айқайын жақын жердегі үйде тұрған қала тұрғындары естіген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз көршілерімізбен біреудің айқайын естідік, қоршаудың сыртына шығып, көмек туралы айқайлар коммуналдық құдықтан шығып жатқанын түсіндік", - деді Өскемен қаласының тұрғыны Юлия Шереметьева.
Ол құдықтың өте терең екенін, тіпті ересек адам да ол жерден өздігінен шыға алмайтынын айтты. Юлия көршісін шақырған, ол ұзын баспалдақ алып келіп, әйелді құтқарған.
"Құдыққа құлаған әйелдің айтуынша, ол онда шамамен үш сағат бойы болған. Адамдардың өтіп бара жатқанын естіген, бірақ олар оның айқайына назар аудармаған. Құлаған кезде телефонын түсіріп алған", - деді Юлия.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құдық көктемнен бері ашық тұр, ауданда осындай бірнеше ашық құдық бар.
Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұл көшедегі люктердің қақпақтары 2020 жылдың жазында орнатылғанын, бірақ содан кейін ұрланғанын хабарлады. Енді оларды қайта орнату керек.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
