Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш градусқа дейін үсік жүреді: Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

күз

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

“Республиканың солтүстік аймақтарында, әлі де салқын және желді ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонның қуысымен байланысты атмосфералық фронтальді бөлімдер ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында болса, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады”, – делінген ауа райы болжамында.

Синоптиктер алдағы күндері үсік болатынын ескертті. 

“Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-15 градус, күндіз 20-28-ден 15-20 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте түнде ауа температурасы 2-13 градус, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді, күндіз 15-25 градус, орталықта және шығыста 3-12 градус үсік жүреді, 14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді, күндіз 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады”, –дейді синоптиктер

Дидар Халық
Дүйсенбі, 13 Қыркүйек, 2021 10:57
Талқылау