AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш азаматтығы бар әйел Қазақстаннан шығарылды

Қазақстандық, ресейлік және канадалық төлқұжаты бар әйел Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекарадан өту кезінде "Үрлітөбе" шекаралық бақылау бөлімшесінің өткізу пунктінде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

паспорт

Ұсталған әйел сотта 2017 жылдың қарашасында Канада азаматтығын алғанын, ал 2022 жылдың наурызында Ресей азаматтығын алғанын айтқан. Бірақ қазақстандық төлқұжатын өткізбеген және шетел азаматтығын алғанын айтпаған. 

"Әйел адам заңнан бейхабар болғанын айтып, толығымен кінәсін мойындады. Жалғыз ұлы мен немересі Канадада тұратынын, ал Қазақстанда туыстары жоғын айтып, елден шығармауын сұрады", – деді Павлодар облсының Железин аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

Сот үкім шығарарда әйел адам кінәсін мойындағанын және әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, жазаны жеңілдетті.  

"Сот әйелді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 496-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, Қазақстаннан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды", – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Сот құжатында заң бұзған әйел Қазақстаннан 10 тәулік ішінде кетуі керегі айтылған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр