Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш аю қоршаудан қашып шығып, екі адамды өлтіріп тастаған

Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында үш аю қоршаудан қашып шығып, екі адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жұма күні елдегі өрт сөндірушілер мен полиция қызметі хабарлаған.

Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 307 шақырым жерде орналасқан Ульсан қаласында ферма иелері 60 жастағы ерлі-зайыптылардың мәйіті бейсенбі күні кешке табылды.

Ерлі-зайыптылардың қызынан ата-анасының бірнеше сағат бойы байланыс үзілгені туралы хабарлама түскен соң, фермаға құтқару қызметі жіберілген.

Олар азиялық екі қара аюды тордың сыртынан және біреуін ішінен тапқан. Содан кейін аюлар сол жерде атып тасталды.

Талқылау