Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш айда 21 келіден арылды: Ер адам жылдам арықтаудың сырымен бөлісті

Канадада тұратын үндістандық Авджит Сингх үйдегі тағам мен физикалық белсенділіктің арқасында үш айда 21 келі артық салмақтан арыла алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

26 жастағы Сингх Канадада тіс дәрігері болу үшін оқып жатыр. Ол әрқашан жақсы тамақтануды ұнататын, бірақ үйінде ол салауатты өмір салтын ұстанған. Алайда, әлемнің екінші шетіне көшкеннен кейін проблемалар басталды. Ер адам күндіз оқыса, кешке қосымша жұмыс істегендіктен, өзі тамақ дайындауына уақыты болмады. Сингх фаст-фуд жеп, көп ұзамай семіре бастады.

Сингх салмағы 106 келіден асқан соң арықтауға шешім қабылдады. Ер адамның денсаулығына байланысты проблемалар туындады және ол диетологқа жүгінді. Ол көп жұмыс істегендіктен, дәрігер оған тағам мөлшерін азайтуды, жоғары калориялы тағамдарды тұтынуды ұсынды. Сингх көп мөлшердегі зәйтүн майымен пісірілген жұмыртқамен таңғы ас іше бастады, түскі асқа ол жоғары калориялы салмасы бар үй тортильясын жеді, ал кешкі асқа көкөністермен қоса қуырылған тауық етін немесе басқа етті дайындады.

Оқу және жұмыс кестесі өте тығыз болғандықтан, Сингхтың спортпен айналысуға уақыты болмады. Содан кейін жаттықтырушы оған кешкі уақытта сүйікті музыкасын тыңдап серуендеуге кеңес берді. Сингх нағыз музыка әуесқойы болғандықтан, ол "музыкалық серуендерге" тез ғашық болып, көп ұзамай әрекетінің нәтижесін көрді. Бұл оны одан әрі шабыттандырып, спортпен шұғылдану үшін де уақыт тапты.

Нәтижесінде ол үш айдың ішінде 106-дан 85 келіге дейін арықтады. Сингхтың жаттықтырушысы өте қарапайым және пайдалы тағамдарды қолданып, артық салмақтан арылу процесін үнемі қадағалап отырғандықтан, ойдағы нәтижеге тез жеткендерін айтты.

Талқылау