Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Видеода жәндіктердің қалайша ауыр шағатынын көрсетті

Жабайы табиғатты зерттеуші америкалық  Койот Петерсон Оңтүстік Америкада мекендейтін барлық жәндіктердің қалай шағатынын көрсетті.

nz1.ru_14823891085

Зерттеуші Коста-Рика тоғайындағы құмырсқаны ұстап алып, жабық ыдысқа салып қойды. Кейін құмырсқаға қолын шаққызған сәтте ол жерге құлап түсіп «Менің қолымда құмырсқа қалып қойды» деп айқайлай берді.

Джастин Шмидтің шкаласы бойынша жәндіктердің ішінде құмырсқаның шаққаны өте ауыр.

Бразилиялық үнді тайпаларында құмырсқаны әдейі шаққызатын дәстүр бар. Дәстүр бойынша адам қолын құмырсқаларға шаққызады. Кейін оның қолы бірнеше уақыт бойы сал болып, ешнәрсе сезбей жүреді.

Зерттеушілер орман-тоғайларды аралай жүріп көзге анық көрінбейтін елеусіз жәндіктерді тексеріп көрді.

Видеода алдымен ірі және ұсақ құмырсқаның адамды қалай шағатыны көрсетіледі. Қолға ұстағанда салмағы да сезілмейтін кіп-кішкентай құмырсқалардың шаққан ізі адам шошырлық.

Бұдан бөлек ұсақ жәндіктер мен ұшатын қоңыздардың, тоғайда кездескен әрбір жәндіктің адамды қалай шағатыны көрсетіледі. Зерттеушінің жанайқайына қарап жәндіктердің әр қайсысының жеңіл шақпайтынын аңғаруға болады.

Жіберіп алмаңыз:

Cәби 41 күн өмір сүрді, бірақ 2 адамның өмірін құтқарды

Ит 2 жасар қызды құтқару үшін өзі улы жыланның құрбанына айналды (фото)

Сізді таң-тамаша ететін рождестволық дәстүрлер (фото)

Талқылау