Ұрыны аяп кеткен полицей оған ұрланған затты сатып алып берді
Мэриленд штатының полицейлері супермаркеттердің бірінде ұрлық жасамақ болған әйелді қылмыс үстінде ұстап алды.
Әйел сатып алған азық-түліктердің ақшасын төлеген, алайда оның ақшасы балаға арналған жаялыққа жетпей қалған. Шарасыз қалған әйел оны ұрламақшы болған, деп хабарлайды LIFE.ru.
Жас офицер Беннет Джонс әйелді аяп кетіп, құны 15 доллар болатын жаялықтардың ақысын төлеген. Лорел полициясы Беннеттің ақы төлеп тұрған сәтінің суретін жариялады.
Жарияланым авторы офицердің күнәсіз сәбиге аяушылық танытқанын, сол үшін алғысқа бөленгенін жазған. Алайда полицей рахымшылдық танытқанымен, жас ана соттан құтыла алмайды екен.
Жіберіп алмаңыз:
Алла Пугачева немересінің тойында “отбасылық өмірдің басты заңы” туралы айтты (видео)
Шие дәнегін жеп қойған ер адам өмірімен қош айтыса жаздады
АҚШ-та жолдан өту барысында телефон қолданған жандарға айыппұл салынады
Швейцарияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір пайдалануға берілді