Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ургант сұлулық байқауына қыз болып қатысқан қазақ жігіті туралы әзілдеді (видео)

«Кешкі Ургант» бағдарламасының тележүргізушісі Иван Ургант  сұлулық байқауының финалына өткен алматылық Илиа Дягилевтің әрекеті туралы әңгімеледі.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл әзіл 2018 жылдың 5 ақпанындағы бағдарламада шығарылды. Видео YouTube-тегі «Кешкі Ургант» бағдарламасының ресми арнасында жарияланған.

Тележүргізуші: «қызықты жаңалық! Алматы қаласының тұрғыны қыз болып киініп сұлулық байқауына қатысқан. 22 жастағы Илай Дягилев республикалық сұлулар байқауында финалға өтіп, күллі елді шалқасынан түсірді. Ол бетін әрлеп, жасанды шаш киіп байқауға әдейі қатысыпты. Алайда Илай мұнан әріге бармай, өзінің ер адам екенін мойындаған. Митя сіздің ойыңызша ол қай кезде өзінің жігіт екенін мойындады?»,- деп Дмитрий Хрусталевқа сұрақ қойды.

Дмитрий болса: «байқауға дейін купальник киіп шыққан сәтте»,-деп өз жауабын берді.

«Әрине ол сәтте емес. Бұл байқау ешқандай қындықсыз өткен. Ол интеллектуалды конкурс кезінде өзінің жігіт екенін мойындаған. Байқауға қатысушы қыздар болашақта нені армандайсың деген сұраққа жауап берген кезде шындықтың беті ашылған. Барлық қыздар бүкіл әлемде бейбітшілік болғанын армандайтын болса, ол  жапондық оң қолмен басқарылатын автокөлікті армандайтынын айтқан. Кейін оның ұлы ер жеткенде ол: «Мен 22 жасымда сұлулық байқауының финалисті болған едім, ал сен жәй ғана лейтенант болып қаласың», – деп әзілдеді Иван Ургант.

Еске сала кетейік, 22 жастағы Илай Дягилев Miss Virtual Kazakhstan байқауына Арина Алиева есімді қыз болып, суреттерін жіберген. Алайда, алматылық жігіт байқаудың финалына жеткенде өзінің жігіт екенін мойындаған.

Жіберіп алмаңыз:

3 айлық нәрестені зорлаған ер адам өмір бойына сотталды 

Түркияда сол қолмен тамақ жеуге тыйым салынды 

Ерлі-зайыптылар баласын қатерлі ісікпен ауырады деп өтірік айтқан 

Әкесі мен баласы 2 долларға бола көршісін өлтіріп, баланың мәйітін жеген 

 

 

Талқылау