Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰОС ардагеріне көмектескен Асылхан Төлепов дүйім жұртты тамсандырды

Жақсыны халық жақтар, жаманды халық даттар! Үнемі жақсылықтың жаршысы болып, қатарластары мен өзінен кейінгі буынға үлгі көрсетіп жүретін Асылхан Төлепов тағы да елдің алғысына бөленді. Жас актер әрі депутат Ұлы Отан соғысының ардагеріне көмек көрсетіп, өзгелерді де игі іс жасауға шақырды. Сонысымен елді тәнті етіп, көпшіліктің батасын алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Суық күні бейтаныс адамға жақсылық жасау қолыңыздан келе ме? Бұл сұраққа “иә” деп жауап беру оңай, алайда мұны іспен көрсетіп жүргендер некен-саяқ. Солардың бірі – Асылхан Төлепов.

“Бүгін Гоголь көшесімен келе жатып, жолда қолын көтеріп тұрған атаны көріп қалдым. Қоғамдық көлік (автобус) тоқтамай қасынан өтіп кеткен соң атадан жөн сұрадым. Үйіне жете алмай тұр екен. Отырғызып алып, жайлап əңгімеге тарттым. Василий Федорович – Ұлы Отан соғысы ардагері. Жасы 91-де, Алматы көшелерін менен жақсы біледі екен) Үйіне дейін өзі нұсқап отырды. Жақында өмірлік серігінен айырылған дед Вася (өзін солай атағанды ұнатады екен) үйінде жалғыз тұрады. Мерекелер сайын əкімдік жəне тағы басқа ұйымдар көмек қолын созады екен. Менің айтпағым, осы кісілерді тек мереке күндері емес, əр күні құрметтейік! Олар бұндай құрметке əбден лайық. Батыр атамызбен естелік сурет. 20.11.2017”, – деп бөлісті Асылхан инста-парақшасында.

Айтпақшы достарының айтуынша, Асылхан жақсылық жасаудан алдына жан салмайды. Тек әр ісін жария ете бермейді. Ендеше өзге халық қалаулылары мен барша жұрт Асылханнан үлгі алсын дейміз…

Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа інісінің отбасылық құпиясын ашып қойды

Жанар Айжанова: Сақалдылардың уағызы жаттанды, өздері біртүрлі адамдар

Жұлдыз Әбдікәрімова келін болып түскенде қандай сынақтан өткенін айтты (фото)

Желідегілер Бақытбек Есентаевтың жас кездегі сымбаттылығына қайран қалды

Талқылау