Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Университет менеджерлері ортақ мәселелерді шешу үшін бірікті": Назарбаев Университетінде басшыларға арналған тренинг аяқталды

Болашақта жоғары білім қандай деңгейде болуы керек және оқу орындары өзгерістерге дайын ба? Осы және өзге де маңызды сұрақтар Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің ұйымдастыруымен өткен Executive University Leadership Program – университет басшыларының біліктілігін арттыруға арналған ауқымды бағдарламаның басты тақырыбына айналды.

Назарбаев универ 2

Бағдарлама сәуір айынан бастап желтоқсанға дейін жалғасты және динамикалық күрделі жағдайда университеттерді тиімді басқаруға қажетті теорияға, инновациялық технологияларға және практикалық құралдарға арналған 9 модульді қамтыды. 

Мұнда еліміздің 28 мемлекеттік университетінің топ-менеджерлері білім алды. Шараға премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып, жоғары оқу орындарының басшыларын ғана емес, орта буын мен жоспарларды жүзеге асыратындарды да оқыту қажеттігін айтты.

Назарбаев универ 3

Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаеваның айтуынша, мектеп алдында тұрған мақсаттардың бірі-жоғары оқу орындарының жүйелі трансформациясына жәрдемдесу, білім берудегі топ-менеджерлердің көшбасшылық және кәсіби дағдыларын дамыту арқылы оларды басқарудың жаңа моделіне көшу. 

“Курс Назарбаев университетінің Жоғары мектебінде ұйымдастырылғаны кездейсоқ емес. Бізде халықаралық ауқымдағы білім беруде ғалымдар мен сарапшылардың мықты базасы, жергілікті және халықаралық деңгейде түрлі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықтың дамыған желісі бар. НУ БЖМ білім беру, мұғалімдерді даярлау және академиялық зерттеулер сияқты пәндер бойынша жоғары оқу орындарының көшбасшылығын бағалайтын "білім беру" санатындағы Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемдік рейтингтің топ 251-300 қатарына кіреді”, – деп атап өтті Аида Сағынтаева.

Аида Сагинтаева

Әрбір оқу модулі университеттегі әртүрлі өзгеріс процестеріне арналған. Мысалы жоғары оқу орындарының құндылық бағдарлары, көшбасшылық, университет құрылымын қайта қарау және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету қарастырылған. Курс шеңберінде ректорлар мен проректорлар жоғары білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылардың, министрліктер өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарының дәрістерін тыңдады. Топтар бойынша жұмыс істеп, практикалық міндеттерді шешті және жоғары оқу орындарында атқарылған жұмыс туралы тәжірибелерімен және кейстерімен бөлісті.

“Көбінесе басшылар өз университетінің мәселесіне келгенде жалғыз қалады. Осы тұрғыдан алғанда, бағдарлама 9 айға жуық кездесулерімізде нақты мәселелер бойынша тәжірибе алмасу үшін пайдалы болды. Бағдарлама ерекшелігі – Қазақстаннан тыс жерлерде, Ұлыбританияның жоғары оқу орындарымен тәжірибеле алмасып, өзара араласуымызда. Біздің еліміздегі құрылымдық айырмашылықтарымызға қарамастан, әлемде барлық ЖОО менеджерлерінің алдында ортақ міндеттер тұрғанына көз жеткіздік. Мың құбылған жастармен жұмыс, жалпы жаһандық проблемалар, ТДМ, пандемиядан кейінгі салдарлар сияқты кез келген жайттарды шеше алуымыз керек. Сондықтан мұндай оқыту бағдарламалары әрқашан өзекті болып саналады”, – деп атап өтті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай.

Назарбаев универ 4

8-ші халықаралық модульдің қатысушылары Британдық жоғары рейтингті университеттердің - Bath University, Reading University және Cardiff Metropolitan University үздік тәжірибелерін егжей-тегжейлі зерттей алды.

“Ұлыбританияда жұмыс істеген топтар министрлік деңгейінде де, институционалдық деңгейде де ұсыныстар жасау үшін көптеген ақпарат жинау, оны өңдеу және синтездеу бойынша тамаша жұмыс жасады. Мен және менің әріптестерім университеттер мен министрлік біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін”, – деді бағдарламаның серіктесі доктор Джон Дэвис. 

Назарбаев универ 5

Модуль қорытындысы бойынша 81 басшы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолынан курстан өткені туралы сертификат алды. Министр баршаға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, тұжырымдар мен идеялар іс жүзінде қолданылатынына сенім білдірді. 9 модульдің қорытындысы бойынша қатысушылар ХҚҰ үшін жоғары білім беруді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Айта кетейік, Жоғары оқу орындарының басшылары үшін бұл курс Academic Leadership Program жобасы аясында өтті.

Талқылау