Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үнемі айқайлап, қорлайды": Алматыда ҚРМУ студенттері 90 жастағы мұғалімнен қорлық көргендерін айтып шағымданды

Фото: Университеттің Іnstagram парақшасынан

Желіде Қазақстан Ресей медициналық университетінде оқитын студенттер 90 жастағы оқытушыдан қорлық көргендерін айтып шағымдануда. Айтуларынша, мұғалім айғайлап, маркер лақтырып, студенттердің бағасын төмендетеді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, анатомия пәнінің оқытушысы студенттерге қысым көрсеткен.

“Мен ҚРМУ студентімін және оқу үшін ақы төлеймін. Бірақ анатомия пәнінің оқытушысының қорлығына төзіп жүрмін. Оның жасы 90-ға таяған. Ол үнемі айқайлап, студенттерді қорлайды және өзін орынсыз ұстайды. Тіпті жақында маған маркер лақтырып, рефератымды жыртып тастады. Бағаларды да негізсіз қояды (20–30 балл), тіпті жауапты тыңдамайды.

Фото: Желі кадрларынан

Біз мұндай қарым-қатынасқа төзуге міндетті емеспіз. Егер әкімшілік шара қолданбаса, мен оның айқайын және өзімнің дұрыс жауаптарымды видеоға түсіріп, осы дәлелдермен сотқа жүгінемін”, – деп жазды студенттердің бірі желіде. 

Жазба тез арада кең резонанс тудырды. Пікірлерде басқа қолданушылар, соның ішінде бұрынғы студенттер де пікір білдіріп, бұл жағдайдың көп жылдан бері қайталанып келе жатқанын айтқан.

Атырау облысында СОБР қызметкерлері басшылық тарапынан қорлық көргеніне шағымданды

Атырау облысында СОБР қызметкерлері басшылық тарапынан қорлық көргеніне шағымданды

Оқыңыз

"Дәл осылай 10 жыл бұрын да болған. Шыдау керек", "2013 жылы-ақ әрең жүретін", "7 жыл бұрын да осылай еді", "Өз кітабын сатып алуға мәжбүрлейді", – деп жазды жұртшылық.

Stan.kz тілшісі резонансты жағдайға байланысты оқу орнынан пікір сұрап көрді. 

“Қазіргі уақытта мәселе қаралып жатыр. Біз заң бөлімімен бірге алқалы комиссия құрамыз”, – деп жауап берді университет. 

Оқу орны редакциямызға кейін жағдай анықталған соң 90 жастағы зейнеткердің оқу орнында қызметін жалғастыруы туралы да жауап беруге уәде етті. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 19:00