Үндістандық ғалымдар Айдан бірнеше химиялық элементтерді тапты
Үндістандық Прагян Айдан бірнеше химиялық элементтерді тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде: күкірт, алюминий, кальций, темір, хром, титан, марганец, кремний және оттегі болды. Ал сутекті іздеу әлі де жалғасуда.
"Прагян" жер серігіне 23 тамызда үнділік "Чандраян-3" станциясының қону модулінің көмегімен жеткізілген болатын. Ай ровері Оңтүстік полюске жақын жерде шамамен 1 ай күні жұмыс істейді. Бұл шамамен 14 Жер күнін құрайды.
Құрылғы жер серігінің топырағы мен рельефін зерттейді, сонымен қатар тектоникалық белсенділіктің іздерін іздейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”