Үндістанда үрлемелі шар жарылды: 30 адам жарақаттанған
Үндістанның премьер-министрі Нарендр Модидің 70 жылдығына орай, Ченнаи қаласында сутекке толы үрлемелі шар жарылған. Жарақаттардан 30 шақты адам зардап шеккен.
Оқиға 18 қыркүйекте болған. Моди жақтастары 100 шарды аспанға ұшырмақ болған. Алайда біреу шақпақ қолданып, жарылыс орнаған.
Жарылыстан соң, үш адам ауруханаға түскен, қалған адамдар алған жарақат ауыр болмаған. Ұйымдастырушыларға құқық қорғау органдарына жағдайды түсіндіруге мәжбүр болған. Себебі бұл акция алдын ала жоспарланбаған боп шыққан.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн