Үндістанда толассыз жауын-шашын салдарынан 100-ден астам адам көз жұмды
Толассыз жауған жауын-шашын салдарынан осы аптада Үндістанда кемінде 114 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметтер бойынша, оңтүстіктегі Керала штатында 57 адам көз жұмған. Муссондардың кесірінен 165 мың адам үйін тастап шығып, 1318 лагерьге қоныстанды.
Шенеуніктердің айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан 200 үй қиратылған. Сондай-ақ, көрші Карнатака штатында 30 адам көз жұмып, тағы 14 адамның із-түссіз жоғалғаны белгілі болды. Мемлекет әкімшілігі 30 мың адамды 924 көмек лагеріне қоныстандырды.
Батыстағы Махараштра штатында 27 адам көз жұмып, 200 мың адам эвакуацияланды. Құтқару операцияларына 44 команда атсалысып жатыр.
Мұндай ауа райы қыркүйекке дейін созылатындықтан, әзірге оны қалыпқа келтіру мүмкін болмай отыр. Алғашқы маусымда мыңдаған үй қиратылды. Тұрғындар олардың жөнделгенін күтіп отыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”