Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда тікелей эфирде саясаткерді атып кеткен

Үндістанда саясаткер мен оның ағасына тікелей эфирде шабуылдаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап. 

үндістан

Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды.

Шабуыл Праяградж қаласында болды.

Содырлар өздерін журналист ретінде көрсетіп, жақын арақашықтан оқ жаудырды. 

Биліктің айтуынша, Үндістан Парламентінің бұрынғы мүшесі Атик Ахмед пен оның ағасын сенбі күні кешке полиция медициналық тексеруге апарған. Сол кезде қаскөйлер оны тікелей эфирде атып өлтірген.

"Алдын ала ақпарат бойынша, үш дам журналист ретінде келіп, оқ жаудырды, шабуылдаушылар ұсталып, олардан жауап алынды", — деді полиция өкілі Прашант Кумар.

Кісі өлтіруден кейін тағы толқулар орын алмасын деп, Уттар-Прадеш Үкіметі штат бойынша төрт адамнан астам жиналуға тыйым салды.

Уттар-Прадеш заң шығарушы органының бұрынғы мүшесі Ахмед адам ұрлау, кісі өлтіру және бопсалау сияқты ондаған істер бойынша айыпталды. Осы наурызда жергілікті сот оны және тағы екі адамды ұрлау ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырған еді.

Талқылау