Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда мұздық өзенге құлап, 14 адам қаза тапты

Үндістанда Уттаракханд штатындағы мұздықтың салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жетті, деп хабарлады полиция оқиға болған Чамоли округінде.

«Туннельде қалып қойғандарды құтқару операциясы жалғасуда. Құрылыс техникасының көмегімен туннельге кіріп жол ашуға тырысуда. Осы уақытқа дейін 15 адам құтқарылды және 14 мәйіт әртүрлі жерден шығарылды», - деді полиция Twitter-де.

Үндістан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, төмен түсіп жатқан мұздық Ришиганга өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне әкеліп, 13,2 МВт Ришиганга су электр станциясын шайып жіберді.

Тасқын су НПТК-ға (Үндістанның ірі энергетикалық компаниясы) Даулиганга өзеніндегі Тапован гидроэлектростанциясына да әсер етті.

Іздестіру жұмыстарына ұлттық және жергілікті құтқарушылар, үнді-тибеттік полиция қызметкерлері мен әскерилер қатысады.

Құтқарушылар Тапован су электр станциясын салып жатқан және төтенше жағдай кезінде туннельде болған 15 адамды шығарып алды.

Қазіргі уақытта жұмысшыларды басқа туннельден шығару жұмыстары жалғасуда. Алдын ала есептеулер бойынша онда 30-дан 35 адамға дейін болуы мүмкін.

STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Ақпан, 2021 09:25
Талқылау