Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам құны 4 мың доллар болатын алтын маска тағып жүр

Үндістанның Махараштра штатының тұрғыны Шанкар Кураде коронавирус пандемиясы уақытында зергерден алтыннан жасалған маскаға тапсырыс берген. Ерекше маска жергілікті тұрғындар мен БАҚ назарын аударған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме беріп.

"Алтыннан маска жасау идеясы маған күмістен жасалған маска таққан адамды көргенде келді. Мен алтынды жақсы көретіндіктен, ауыр алтын тізбектер мен сақиналар тағуды ұнататындықтан, неге алтыннан маска  тақпасқа деп ойладым? Сол кезде мен жергілікті зергерден алтын маскасын жасауды сұрадым. Ол 5,5 толаның (шамамен 56,7 грамм) салмағы мен 289 мың рупийге (шамамен 3870 доллар – ред.) ие болды", - деп мәлімдеді Кураде.

Ол маскада тыныс алудың шағын тесіктері бар екенін айтты.



"Бірақ оның тиімділігіне қатысты жәй ғана маска тағып жүру жеткіліксіз екенін білеміз, қашықтықты да сақтау қажет. Сондықтан, алтын маскада көшеге шыға отырып, мен де әлеуметтік қашықтық шараларын тиісті түрде сақтаймын", - деп атап өтті Қураде.

Оның айтуынша, маска жергілікті тұрғындар мен БАҚ назарын аударды.

"Алтын маскада көшеге шыққан кезде маған көптің назары ауа бастады. Менің отбасымның алтынмен айналысатынын жергілікті тұрғындар білсе де, алтыннан асалған маска жаңа нәрсе болғандықтан адамдардың қызғушылығын тудырды", - деді ол.

Үндістан Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елде коронавирусты жалпы алғанда 648 315 адам жұқтырған, соның ішінде 394 433 науқас сауығып, 18 655 адам қайтыс болды.

Талқылау