Үндістан Пәкістаннан тауар әкелуге және транзитке тыйым салды

Фото: pixabay.com
Үндістан Пәкістанда өндірілген немесе ол арқылы транзитпен жеткізілетін тауарларды импорттауға тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үндістан үкіметінің Сыртқы сауда департаменті таратқан хабарламаға сәйкес, "Пәкістаннан шыққан немесе одан экспортталатын барлық тауардың тікелей немесе жанама импортына немесе транзитіне келесі хабарлама келгенге дейін тыйым салынады". Атап өтілгендей, "шектеу ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік саясат мүддесі үшін енгізілді".
Еске салайық, бұған дейін Үндістан билігі Пәкістанмен әуе қатынасын 23 мамырға дейін толық тоқтатуды бұйырды. Бұған дейін Исламабад да дәл осылай Үндістан үшін әуе кеңістігін жапқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген