Үндістан Күнді зерттеу үшін ғарыш обсерваториясын ұшырды
Айға станцияны сәтті қондырған Үндістан Күнді зерттеу үшін ғарыш обсерваториясын ұшырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Обсерваторияны ұшыру сәті Үндістан ғарыштық зерттеу ұйымының YouTube-арнасында трансляцияланған.
Ғарыш аппараты Жерден 1,5 миллион шақырым жерде болмақ. Бірақ діттеген орынға жету үшін 4 ай қажет. Аппарат Күннің сыртқы қабаттарын бақылап, ғарыш ауа райына әсер ететін факторларды зерттейді.
23 тамызда Үндістан Айдың оңтүстік полюсіне станция қондырған алғашқы ел атанды. Айға ұшу уақыты 3 аптаға созылған. Аппарат сейсмикалық белсенділікті, топырақ пен экзосфераны зерттейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”