Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлын қырқынан шығарған Мөлдір Әуелбекова жұмысқа кірісті (фото)

Мөлдір Әуелбекова ұлын қырқынан шығарған соң, бірден жұмысқа шықты.

15802134_1835019586779298_4193212837788647424_n

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мөлдір Әуелбекова 2016 жылдың қараша айында күйеуіне шекесі торсықтай ұл сыйлаған болатын. Әнші декреттік демалыс кезінде сахнадан кетіп, босануға дайындалды. Енді ол ұлын қырқынан шығара салысымен, жұмысқа кірісіп кетті.

“Сәлем, жақсылар! Сіздерді көп күттірмей жұмысқа ақырындап кірісудемін! Уайымдамаңыздар, құлыншағыма әжесі қарауда! Түсірілімге 2 сағат уақыт жеткілікті”, – дейді Мөлдір Әуелбекова. Бұдан кейін желі қолданушылары түрлі пікір жазды. Көпшілік “баласын жасанды қоспалармен” тамақтандырып жүр деп сынады. Ал әншінің өзі сәбиін әжесі қарап жатқанын, оны тек өзі тамақтандыратынын айтты.

15803292_1314975258570303_7557256464985751552_n

“Алдыңғы сурет асты сұрақтарға жауап: Қырқынан шығып қойғанбыз! Құлыншағыма әжесі қарауда және ешқандай қосынды бермеймін, тек сүтпен тамақтанады. Аллаға шүкір! Баршаңызға рахмет!” – дейді ол. Желі қолдунашылары аз уақыт ішінде қалпына келіп үлгерген әншіге қайран қалып жатқандарын жасырмады.


Жіберіп алмаңыз:

Жәния Джуринская 10 жасар жиеніне құрбысынан өш алуға кеңес берген

Ердос Қанаев өзін тыңдармандардан қызғанатын келіншегін сабырға шақыратынын айтты

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытов тойдағы төбелестері туралы шындықты айтты (видео)

Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)

Талқылау