Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)

Баян Есентаева туған күнін Вьетнам елінде атап өтіп жатыр. Шетелде жүрген продюсер өзін құттықтаған жандарға алғыс айтты.

15876964_612966305540423_4141646055978565632_n

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Баян Есентаева 43 жасқа толды. Ол өзінің туған күнінде “Vinpearl Golf Land Resort” кешенінде демалып жатыр. Аталған кешен Вьетнам елінің Кханьхоа провинциясында орналасқан. Алғашқылардың бірі болып продюсерді құрбысы құттықтады. Ізгі ниетін білдірген Динара Сәтжанға Баян Есентаева суретпен жауап берді.

“Мен Баянды үлкен де мейірімді жүрегі үшін, әзіл айта білетіндігі үшін, жомарт жаны үшін, стратегиялық ақылы мен адал дос бола білетіндігі үшін жақсы көремін! Оған әрдайым сенім артуға болады. Баян – сөзінде тұратын адам! Ол ешуақытта біреудің сыртынан жаман сөз айтқан емес. Мұның орнына үнсіздікті жөн көреді. Баян Астанаға келген кезді қатты жақсы көремін. Екеуіміз таңға дейін шай ішіп, өмір, жоспар және идеялар туралы сөйлесеміз.

Баян мықты және ол өмір мен өзін кез келген жағдайда қабылдауға дайын. Ода негатив жоқ. Осы үшін де оны қатты жақсы көремін! Қасымызда жүргенің үшін рахмет! Саған жан мен тәннің үйлесімділігін, мықты денсаулық, күш-қайрат, жаңа идеялар мен жаңа мүмкіндіктер тілеймін! Үнемі алға жүр, еш уақытта тоқтама!” – дейді Динара Сәтжан.

Баян Мақсатқызы құрбысына тілегі үшін алғыс айтып, кезекті суретін жүктеді. Бірнеше күннен бері продюсердің жазбаларына пікір жазылмады.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева әдемі көйлегімен Париж халқын тәнті етті (фото)

Ділназ Ахмадиева сахнаға не себепті “ішкиімсіз шыққанын” түсіндірді (фото)

Ерке Есмахан қайда барса өзімен бірге шай көтеріп жүретінін айтты (видео)

Қайрат Нұртас қысқы демалысын ауылда өткізіп жатыр (фото, видео)

Талқылау