Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан қайда барса да өзімен бірге шай көтеріп жүретін болған (видео)

Ерке Есмахан бүгінде өзімен бірге шай алып жүретінін айтты. Ол әріптесі Айдар Тұрғанбек шығарған шай екен.

15403395_2511806632291894_4367883020208701440_n

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ерке Есмахан мен ұлы мейрамханада отырып түсірген видеоларын бөлісті. Аталған видеода олар “Айдар шайды” мақтады әрі мұның жарнама еместігін айтып өтті.

“Достар, мен сіздермен бір қызық жайтпен бөліскім келіп отыр. Соңғы кезде қай жаққа барсам да, қонаққа барсам да, осындай мейрамханаға келсем де, өзіммен бірге “Айдар шайды” алып жүремін. Өйткені Айдар шайдың дәмі өте керемет, тіл үйіреді. Қазір осы жерде Айдар шайын демдеп ішетін боламыз. Қолымдағы шай ашылған.

Тек мен емес, Ақтөбедегі менің бауырларым мен жақындарым осы шайды ішеді. Бізде Батыста шайға қант, сүт қосып әдемілеп ішеді. Ұлым Мүслім де осы шайды ішеді. Бұл жарнама емес, өзімнің кішігірім кеңесім. Айдарға осындай шай шығарғаны үшін алғыс айтамын”, – дейді әнші.

Анасынан сөздерін кішкене Мүслім де қоштай түсті. “Айдар шайы өте күшті” дейді ол. Желі қолданушылары әншінің жарнамасынан гөрі, оның ұлына тамсана қарағандарын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас қысқы демалысын ауылда өткізіп жатыр (фото, видео)

Демалысқа шыққан Алтынай Жорабаева макияждан бас тартты (фото)

Жұрт моншада видео түсірген Диана Шарапованы сынап тастады (видео)

Актриса Айсұлу Әзімбаева Үнді мұхиты жағасына көшіп кетті (фото, видео)

Талқылау