Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлымен бірге подъездегі қоларбаны ұрлап кеткен әйел видеоға түсіп қалды

Кішкентай ұлын ерткен әйел подъезде тұрған қоларбаны ұрлап кетті.

20476392_1860010054015982_7237768537447097735_n

Видеоны желідегі парақшасында Мирас Нұрмұханбетов есімді қолданушы жүктеді. Оның айтуынша, видеодағы әйел қоларбаны ұрлап әкетіп бара жатыр.

Оқиға 29 шілде күні болған. Қоларбаны ұрлаған әйел ғимараттағы бейнебақылау камерасына түсі қалды. Оның жанында жүрен кішкентай ұл бала әйелдің ұрлығына таңғалмайды. Ол да ұрлық істеуе үйренісіп алғанға ұқсайды.

“Алдымен ол бейшара əйел шығар, жағдай сондай болып қалған шығар деп ойлаым. Бірақ бейнені қараған соң еш ақтай алмайсың. Ол ұры. Баланы да ұрлауға үйретеді”, – деп жазды желі қолданушысы.

Желі қолданушылары подъезде тұрған заттарды ұрлайтын адамдардың көбейіп жатқанын айтуда. Олардың көбі ұры әйелдің жанында жүрген ұлының болашағын ойлап уақымдады.

“Қазірден бастап ұрлыққа үйренсе, өскенде ұлы нағыз баукеспе болады”, “Балаға не тәрбие беріп жатыр” деп жазжы желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:

ІІД: Алматыда ұсталған элиталық жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

“Рухы мықты” мүгедек жан Астана әкімінің көмекшісі атанды

Алматыда көпірден секіріп мерт болған қыз үйінен жанжалдасып шыққан

Талқылау