Ұлыбританияда көпшілік алдында жыныстық қатынасқа түсіп, мүгедекпен төбелескен әйел 13 айға сотталды
Ұлыбританияда 36 жастағы Наташа Клаус ақша үшін көпшілік алдында жыныстық қатынасқа түскені үшін тұтқындалды. Бұған дейін ол жалаңаш күйінде қала көшелерін мотоциклмен аралап, зағип адаммен төбелескен. Сондай-ақ әйел тұтқындау кезінде полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Бірақ Гильдфорд соты Наташа Клаусты 13 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды life.ru басылымына сілтеп Stan.kz.
Наташа Клаус көзі көрмейтін Найджел Коутспен бас қосқан. Ол сүйіктісімен ұрысып қалып, ер адамды ұрып тастаған. Әйелді полиция қызметкерлері тұтқындамақ болғанда, ол құқық қорғаушыларға жұдырық ала жүгірген. Мұнан кейін Наташа тыр жалаңаш шешініп, қала көшелерін мотоциклмен аралаған. Тіпті жұрт алдында ақша үшін жыныстық қатынасқа түсіп, куәгерге ұрып тастайтынын айтып қорқытқан.
Наташаның қорғаушысы Тимоти Лете сот отырысында әйелдің анасының қазасы үшін қиналып жүргенін және біраз уақыттан бері газбен тыныстауды әдетке айналдырғанын айтқан. Өз кезегінде сот төрағасы Мосс әйелдің өз әрекеті арқылы қоғамның өзге де өкілдерін қорлағанын атап өткен.
«Сондай-ақ сіз сот отырысына таңертең ерте келу керек едіңіз. Бірақ бірнеше сағатқа кешіктіңіз. Бұл тәртіпсіздік. Сіздің өміріңіз тәртіпсіздікке құрылған», – деді судья.
Нәтижесінде судья Наташа Клаусты 13 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар әйелге көпшілік алдында жыныстық қатынасқа түскен қала бөлігінде жүруге тыйым салынды.
Оқи отырыңыз:
Аяз атаның бас киімін киіп, дорба арқалаған Барак Обама балаларды құттықтады (видео)
Таиландта банк қызметкері 13 мың жылға бас бостандығынан айырылды
Иранда соңғы сегіз жылда болмаған наразылық шерулері өтті (фото, видео)
АҚШ-та екі айлық сәби анасының шашының кесірінен башпайларынан айырылып қала жаздады