Ұлыбританияда кәсібін жүргізіп, табысқа жеткен қазақстандықтар (фото)
Ұлыбританияда бизнес жобасын іске асырып, кәсібін жүргізіп отырған қазақстандықтар да жоқ емес. Енді сол Ұлыбритания елінде табысқа жеткен отандастарымыз туралы айтып өтейік.
Суреттер: әлеуметтік желілерден алынды
Қазақстандық Гога Ашкенази ағылшынның құрметті ортасында да өзін таныта білді. Ол бүгінде оксфордтық білімі бар, Лондонның атақты Холлонд бағы мен халықаралық бизнес-патшалығында баспанасы бар әйел. Оны елдің құрметті адамдарынан бастап, европалық патша отбасылары, голливудтық жұлдыздарға дейін таниды.
Damiani зергерлік бутигі
Британия еліндегі ең қымбат бутиктің иесі Мира Анафина бизнесті Британияда қолға алудың тиімді екенін айтады. Кәсіпкер Мира да Лондон елінде танамалдыққа ие.
Қазақстандық мобильді шаштараз
Евгения Блюм Қарағандыдан Британияға 2003 жылы көшіп келген. Лондонда ол өз ісін ашып, мобильді шаштараз ашты. Ол кейде салонда жұмыс істесе, кейде тапсырыс берушінің үйіне барып қызмет етеді. Тапсырыс берушілер он ғаламтор арқылы табады.
АВО London бренді
Бұрынғы алматылық журналист Әлия Боранбаева Англияда бизнесін жүргізіп отыр. Ол қазір АВО London жеке брендінің иесі әрі директоры. Оның кәсібі 2012 жылы басталған. Алғашында сурет салумен айналысатын ол қазір шарф шығаратын кәсіп ашқан.
Айман есімді бойжеткен БҚО-нан Ұлыбританияға 10 жыл бұрын көшіп барған. Ол мұнда өз қолынан шыққан дүниелерді жасайды. Оның өнімдері «казакша» атты бренд атауымен шығады.
20 жастағы Асқар Бөлегенов Аламаты тумасы. Ол 1-4 сыныпты Алматыда оқып, 5-сыныптан бастап Ұлыбританиядан оқыған. Өзінің айтуынша, “Grocemania” – азық-түлік дүкеніне тапсырыс беріп, 30-40 минут аралығында ала алатын алғашқы технологиялық сервис. Отандасымыздың бұл кәсібі 2 ай бұрын ғана басталған. Команда осы аралықта 150 тапсырыс алған. Оның әрі тапсырысы орта есеппен 25-27 фунтты құрайды.
Суретші Айғана Ғали 10 жылдан бері осы елде. Оның мұнда көрмесі өтіп тұрады. Ол театралды жобалар мен балет дизайнын жасайды. Айғана – дипломатиялық қатынас мен этикет маманы, сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімі.
Жіберіп алмаңыз:
Әлем подиумын бағындырған қарағандылық жігіт сырымен бөлісті (фото)