Ұлыбританияда 90 жастағы соғыс ардагері жынысын ауыстырды
Ұлыбританияда екінші дүниежүзілік соғыстың 90 жастағы ардагері Питер Дэвис жынысын ауыстыру туралы шешім қабылдаған.
Фото: Inside Edition / YouTube
Бұл туралы The Daily Telegraph газеті хабарлайды.
Бірнеше жыл бұрын Лестершир графтығының тұрғыны Питер Дэвис өзіне Патриция деген есім алып, құжаттарын өзгертіп, гормонотерапия қабылдай бастаған. “Мен бұл туралы біртіндеп көршілеріме айта бастадым. Олардың бәрі: алаңдама, бұл сені бақытты етеді, деп айтты”, – дейді Дэвис.
Ол бала кезінен өзінің басқа балаларға ұқсамайтынын байқайды, алайда бұл туралы мойындау қауіпті еді. “Адамдар трансгендердің не екенін түсінбеді. Тіпті кәсіби дәрігерлер де”, – деді ол. Ол уақытта оны электрошокпен емдеу немесе түрмеге жабу қаупі туындаушы еді. “Олар ондай адамды түзей саламыз деп ойлайды. Бірақ, бұл емдесе жазылып кететін ауру емес”, – дейді Дэвис.
1945 жылы 18 жастағы Питерді әскерге шақырады. Оны Жапониямен соғыс жүріп жатқан Алыс Шығысқа, сосын Үндістанға жібереді. Ол одан кейін үш жыл бойы Палестинада және Африканың шығысындағы британиялық колонияларды әскери қызметін өтеген.
Әскерден келген соң ол фотограф болып жұмыс істеп, үйленеді. Сәтті неке болып, 63 жыл өмір сүрген. 60 жасында ол әйеліне өзінің құпиясын айтады. Әйелі оған түсіністікпен қарап, өмірден өтем дегенше алты жыл бойы еріне қолдау білдіреді.
2015 жылы Дэвидтің көзіне басты рөлді актриса-трансгендер Ребекка Рут сомдайтын Boy Meets Girl ситкомы түседі. Питердің осыдан кейін жыныс ауыстыруға деген құлшынысы артады.
“Иығымнан жүк түскендей болды. Мен бұған дейін өтірік өмір сүріп келген едім”, – дейді Патриция.
Оқи отырыңыз:
19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)
Бұрынғы нашақор қалай ел таныған миллионерге айналды (фото)
Қытайда 90 метрлік құздан құлаған бала аман қалды
107 жастағы ирандық қария сайлауға түсу үшін кандидатурасын ұсынды