«Ұлы дала баласы» енді «Ақ боз атты ханзада» атанды
Әнші Төреғали Төреәлі шымкенттік көрермендердің назарына «ақ боз атты ханзада» болып ілікті. Дәлірек айтсақ, Қазақстандағы ең танымал әншілердің бірі Шымкентте өткен жеке концертіне ақ тұлпар мініп, өте бағалы саналатын бұлғын терісінен жасалған шапанын киіп шықты.
Ертеде қазақтың сал-серілері бағалы теріден жасалған ұлттық киімдер киіп, тұлпар мініп, ел аралаған. Төреғали Төреәлі атадан қалған алайда ұмыт болып бара жатқан дәстүрді қайта жаңғыртты. Мұнысы ел көңілінен шықты. Айтпақшы, халықтың сүйікті ұлы жылқы малын жақсы көреді.
Оған дәлел – әншінің сирек тұқымды, ақ жылқысымен әлеуметтік желілерде бөлісуі. Айтпақшы, жұрт «Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасты басып озып, «Қазақстан поп-музыкасының патшасы атанбақшы» деседі. Жә, ол туралы кейінірек. Ал бүгін ұлттық дәстүрді ұлықтаған Ұлы дала баласына «Бәрекелді!» дейміз.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”