Ұрлық істеген ұлын ата-анасы шатырға қондырып, 5 кітап оқуды міндеттеді
Альбукерлік жұп өздерінің 16 жастағы ұлы Адам үшін ерекше жаза түрін ойлап тапты. Оған Адамның әпкесінің IPOD-ы мен өзгелердің заттарын ұрлағаны себеп болған. Ангела мен Джейкоб ұлдарын көшедегі шатырға орналастырды. Ұлдары Адам 23 мамырдан бастап шатырда тұрып жатыр.
Сурет: nz1.ru
«Мен тек ұлыма сабақ болсын деймін. Біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды ғой», – дейді әкесі.
Ұлы Адам да ата-анасының мұндай әрекетіне еш ренжімейтінін, оларды жақсы көретінін айтады. Ол өз ісіне өкініп, мұның сабақ болғанын түсінген.
Ата-анасы ұлына шатырда жатып 5 кітапты оқып бітіруге, сосын оның мазмұнын қысқаша жазып шыққанда ғана үйіне оралатынын айтқан. Қазір оның жазасын жеңілдеткен ата-анасы ұлының түнгі уақытта өз бөлмесінде жатуына, жуынуына рұқсат берген екен.
Ұлы шатырға қайта оралғанда ата-анасы оның барлық электронды құрылғыларын, компьютерін алып тастайды. Олар тіпті ғаламтор желісін де үзіп тастаған.
Ең қызығы Адамның ата-анасы ұлын заңға қарсы жазалап жатпағанына көз жеткізу үшін Нью-Мексикадағы отбасы мен жастар, балалар департаментіне жолыққан. Сондықтан көршілері шатырдағы баланы айтып полицейлерге шағым түсіргенімен, олар ешқандай жауапқа тарта алмаған.
Жіберіп алмаңыз:
Бірнеше әйел күйеулерінінің ортақ көңілдесін аямай жазалады
Үндістанда сиыр етін тасымалдаушыларды малдың тезегі мен зәрін ішкізіп жазалады