Ұлттық экономика министрлігі бюджетті қайта есептегелі жатыр
Өйткені, қазір мұнай қымбаттап, баррелі 60 доллардан асты. Ал Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттің үш жылдық шығынын қара алтынның ескі курсымен яғни 45 доллармен есептеп қойған. Енді елдің басты қаржылық құжатына өзгеріс енеді, деп хабарлайды КТК арнасы.
«Біріншіден қазір мұнай бағасы қымбаттады. Биылғы шығынды бекіту үшін қара алтынның нақты құнына болжам жасауға тырысып жатырмыз. Экспорт пен өндіріс те өсті. Оны да қайта есептейміз», – дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов.
Яғни, Үкімет өндіріс пен мұнайдан түскен табысты да қайта есептейді. Өйткені, бюджет осы екеуіне тікелей байланысты. Қара алтын мен сыртқа сатылған өзге де шикізаттың пайдасы алыдмен Ұлттық қорға түседі де, кейін трансферт ретінде бюджетке бөлінеді. Ал Үкімет 2018 жылдың шығынын 9 триллион теңге деп бекіткен еді. Енді мұнайдың бағасы қымбаттауына байланысты қазынада артық ақша болады. Шенеуніктер сол қаржыны қайда жіберетіндерін анықтауы тиіс. Мемлекеттік шығындар көбіне әлеуметтік төлемдерге жұмсалатынын ескерсек, зейнетақы, жәрдемақы тағы өсуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанның қай өңірінде дәрігерлердің жалақысы жоғары екені анықталды
Назарбаев латын әліпбиіндегі и, й әріптерімен айналысуды тапсырды
Елбасы: Қуандық Бишімбаевты қатты аяймын
Елбасы Қаржы министріне: Бұл екінші ескерту, үшіншісі соңғы болуы мүмкін