Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық валюта долларға шаққанда бірден 4 теңгеге қымбаттады

Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша биржада бір доллар 337, 80 теңгеге кеп тұрақтаған, деп хабарлайды КТК.

Кешелі бері төл теңгеміз жақсы бой түзеп келеді. Бір тәулікте шамамен 4 жарым теңгеге нығайған. Қазір ақша айырбастау пунктерінде Америка валютасы 338,1 деген курспен сатып алынып, 339,3 теңгемен саудалануда. Ал өткен аптада доллар рекорд жасап, 345 теңгеге шыққан еді. Содан бері бүгін 8 теңгеге бір-ақ арзандады.

Бұл жағдай Brent маркалы мұнайдың қымбаттауымен тікелей байланысты. Қара алтынның баррелі қазір 55,85 доллар тұрады. Ал көмірсутек шикізатының қымбаттауы қашанғыдай экономикасы осы өнімге тәуелді елдерге оң әсер ететіні анық.

Тағы да оқыңыз:

Алматы соты Матаевты түрмеден босатудан бас тартты

Блогер Алматы облысында адамдардың басы биттеп жатқанын айтып дабыл қақты

2018 жылдан бастап ақшалай төленетін көмек көрсетіледі

Талқылау