Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі арнайы операция жөнінде айтып берді

Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды, деп мәлімдеді Қазақстанның ҰҚК-ның баспасөз қызметі.

1167619

Фото: Еркен Салихов

Еліміздің ІІД мен ҰҚК қызметкерлері Ақтөбеде 7 желтоқсан күні арнайы операция өткізді.

Жасақтар мұнай өңдеу зауыты аймағында операция жүргізді. Нәтижесінде мұнай өнімдерін тасымалдау мен «иелік ету» істері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Бұдан бөлек мен мұнай ұрлаумен айналысатындарға “қамқоршылық жасаған” радикалды салафизмді қолдайтындар ұсталды. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр.

Тексеріс нәтижесі толықтай хабарланатын болады. Қазақстанда теракт болған күннің ертеңі 6 маусымнан бастап 2017 жылдың қаңтар айына дейін  террорлық қауіптің «сары» деңгейі енгізілді.

(Болуы ықтимал террористік және экстремистік күштеу акциялары туралы ақпараттарды жинау, бағалау және тексеру; террорға қатысты басқа да  осал объектілерді және тұрғындар жаппай жиналатын орындарды тексеру; арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, көліктерді қарап-тексеру іс-шараларын күшейту; көшелерде, алаңдарда, стадиондарда және тұрғындар жаппай жиналатын басқа да орындарда, магистральдық темір жол жүйелерінде және өзге де көлік инфрақұрылымының объектілерінде күшейтілген патрульдерді қою; болуы ықтимал террористік қауіп-қатерлер мен қауіп қатерлер бола қалған қажетті әрекет туралы тұрғындарды алдын ала ақпараттандыру)

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жезөкшелікпен айналысатын притондар жабылды

Қазақстан жол апатынан қаза табатындар саны бойынша бірінші болып тұр

«Астана-Көкшетау» тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

Мемлекеттік нөмерсіз жүрген көлікті тоқтатқаны үшін жол сақшылары бастықтарынан сөз естіді

Талқылау