Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Банк шетел валютасымен пәтер рәсімдеген қарыз алушылардың мәселесін шешті

Қазақстанның Ұлттық банкі 2015 жылдың сәуірінде қабылданған ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

«Бағдарлама жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі шетел валютасындағы ипотекалық несиелерін 2015 жылғы 18 тамыздағы Ұлттық Банк көрсеткен  бағам бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға енгізілген  қосымша 21 мыңнан астам қарыз алушыға несиені өтеу үшін оңтайлы жағдай жасайды», – деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ол шетел валютасымен  пәтер рәсімдеген борышкерлерге несиені қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өздерінің кредиторлар банкіне жүгіне алатынын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қаржы жетекшісінің айтуынша, осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанда тұрғын және басқа жылжымайтын мүлік алған жеке тұлғалардың барлық шетел валютасындағы ипотекалық несиелері теңгеге аударылады.

Ақышев сондай-ақ, 2016 жылдың қаңтарынан бастап шетелдік валютамен жұмыс істемейтін азаматтарға шетел валютасымен жаңа ипотекалық несиелер беруге тыйым салынғанын да айта кетті.

Айта кетейік, Ұлттық Банктің Төрағасы банктер мен қарыз алушылар үшін салық жеңілдіктерін ұсыну бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Бағдарламаға енгізілетін өзгерістердің екінші блогы 2004 пен 2009 жылдар аралығында ипотекалық несие алғандарды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында 23 мыңнан астам қарыз алушыға көмек көрсетілді. Олар жалғыз баспанасын сақтап қалып, ипотекалық несиелер бойынша төлемдерін жеңілдетіп алды. Ақшаны дамытудың револьверлік тетігін ескере отырып, 2026 жылға дейін қайта қаржыландырылатын несиелердің саны 40 мыңға дейін жетуі мүмкін деп болжануда », – деп атап өтті Ақышев.

Қазір Ұлттық Банк ипотекалық несие рәсімдеген жағдайы төмен топтарға көмек көрсетудің үшінші кезеңін бастады.

«Қарыз алушылар, әсіресе әлеуметтік жағдайы осал отбасылар мемлекеттік қолдауды қажет ететіндігін көріп отырмыз. Олардың көпшілігі мемлекеттік төлемдер мен жеңілдіктер арқасында күн көріп жүр. Ол қаражаттың өзі несиені өтеуге кетеді. Енді Ұлттық банк жағдайы төмен борышкерлерге көмек көрсету үшін маңызды заңнамалық бастаманы қолға алды. Қосымша бағдарлама аясында банктерге пәтерді жалға өткізу туралы құқық беріледі. Ал кейін қарыз алушылардың ай сайын төлеп жүрген пәтері өздеріне жеке меншік болып қалады»,- деді қаржы бақылаушысы.

Оқи отырыңыз:

Болат Назарбаев жас жұбайлардың тойына болып, жастарға Infiniti көлігін сыйлады (видео)

Ақтөбеде 75 миллионға жөнделген футбол алаңына тағы 17 миллион керек

Алматыда 7 балдық жер сілкінісі болатыны туралы хабарлама тарап кетті

Қазақстан Ресеймен бірге азалы: барлық қалада қайтыс болған балаларды еске алу акциясы өтті (фото,видео)

 

Талқылау