Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үлкендердің ішіп-жеуі, балалардың білім алуынан маңызды ма": Қазақстандық оқушы мектептерді ашуды талап етті

Онлайн оқу оқушыларды әбден титықтатса керек, енді олар мектепке барғысы келетінін айтып видео-үндеу жариялауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқушылар адам көп жиналатын ойын-сауық орталықтары ашық тұрғанда, мектептерді не үшін жабық екенін түсінбей дал. Ералы есімді оқушы білім және денсаулық министрлеріне, бас санитар дәрігерге үндеу тастады.

"Мен, білім және денсаулық министрлеріне, еліміздің бас санитар дәрігеріне айтарым бар. Сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді. Біз қашан мектепке барамыз? Онлайн оқып жатқанымызға бір жыл болды. Біз неге мектепке барып оқи алмаймыз? Вирустың өршуі басылды. Барахолка, ойын-сауық орталықтары істеп тұр, ал мектеп жабық. Білімге қарағанда киім-кешек маңызды болғаны ма? Неге мейрамханалар мен түнгі клубтар ашық? Ал мектеп жабық. Үлкендердің ішіп-жеуі, оқушылардың білім алуынан маңызды болғаны ма сонда? Конуститутция бойынша білім алуға толық құқылымыз. Неге біздің өз құқығымыз бұзылуда? Мектепке барып білім алудың орнына аянышты білім алудамыз. Бізді мектепке қайтарыңыздар. Сіздер, шенеуніктер, оқушылар кішкентай болған соң, ойымызға келгенді істеуге болады деп ойлайсыздар ма? Мен барлық оқушыларды видео-үндеу жариялауға шақырамын", - дейді ол видеода. 

Талқылау