Үлкен кесіртке маймылды бір минутта жұтып қойды
Үлкен кесіртке маймылды бір минутта жеп қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Желіде үш метрлік кесіртке үлкен маймылды жеп жатқан бейнежазба жарияланды. Оқиға Индонезияда орын алған. Видеода кесірткенің алдымен маймылдың бас бөлігін, кейін төменгі бөлігін жұтып жатан жері бейнеленген.
Маймылды жеуге кесірткенің бар жоғы бір минутқа жуық уақыты кеткен. Артынша жәндік ауызын тазалап таңқалдырған.
Комод варандары - ең үлкен кесіртке түрі. Олардың ұзындығы - 3 метр, ал салмағы - 80 кг құрайды. Сонымен қатар, олар өз салмағының 80 пайызын құрайтын кез келген жануарды жеп қоя алады. Индонезияда олар заң бойынша қорғалған.
Осыдан біраз бұрын, Индонезияның Ринча аралында екі үлкен кесіртке туристердің көзінше төбелесіп, жұртты таңқалдырған болатын. Артқы аяқтарына тұрып, алдынғы аяқтарымен бір-біріне қарсылық танытқан жәндіктер. Нәтижесінде бір кесірткенің күші басым түсіп, екінші кесірткені құлатып тастаған.
Тағы оқыңыз: Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет