"Үлкен дулыға" турнирінде бақ сынайтын дзюдошыларымыз анықталды
Дзюдодан Жапонияда өтетін “Үлкен дулыға” турнирінде бақ сынайтын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
7-8 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыс өтеді. Бұл 2024 жылғы ересектер арасындағы соңғы халықаралық турнир саналады. Токиода ел намысын қорғайтын татами шеберлерін назарларыңызға ұсынамыз:
Ерлер:
Шерзод Давлатов, Дәурен Сюкенов (-60 кг)
Бақытжан Абдурахманов (-73 кг)
Жалғас Қайролла (-81 кг)
Мейірлан Максим (-90 кг)
Әділет Сапарғалиев (-100 кг)
Әйелдер:
Толғанай Әбеуова (-52 кг)
Дана Әбдірова (-57 кг)
Самалай Ерғалиева (-63 кг)
Назгүл Маратова, Карина Такиева (+78 кг)
Айта кетейік, Жапония астанасында 48 мемлекеттен 302 дзюдошы сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн